Br - Бром процестердің белсенділігі мен тепе-теңдігін және ағзадағы гомеостаз жағдайын реттейді. Лугеланың құрамында кондициялық нормаға сай мөлшерде бар.
Mg - Магний бұлшықеттер мен жүйкелерді босаңсытады, стрессті, мазасыздықты жояды, ұйқыны жақсартады. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын, жүрек ырғағын бақылайды, артериялық қысымды реттейді, гипертензияның дамуын болдырмайды. Зат алмасу үрдістерін және энергетикалық алмасуды реттейді, көмірсулар мен майларды энергияға айналдырып, физикалық белсенділікті қамтамасыз етеді. Сүйек метаболизмін реттейді, остеопороздың алдын алады. Ақуыздардың, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, жасушалардың өсуі мен қалпына келуіне, глюкоза мен инсулиннің метаболизміне және қант диабетін бақылауға қатысады.
Na - Натрий жасушалар мен тіндердегі судың оңтайлы мөлшерін реттейді, қанайналым жүйесіндегі судың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, pH деңгейін, артериялық қысымды, асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қантамыр, жүйке және бұлшықет жүйелерінің жұмысын реттейді.
K - Калий кальцийдің сүйек тінінен «шайылып шығуына» жол бермейді, остеопороз қаупін төмендетеді, сүйектерді нығайтады. Жүрек, бұлшықеттер мен жүйкелердің жұмысын реттейді, су-тұз теңгерімін қолдайды және артериялық қысымды бақылайды.
P - Фосфор сүйек тінінің құрылымын сақтайды, жасушалардың бөлінуіне, энергияның түзілуіне, жүйке жүйесінің қызметін және когнитивтік функцияларды қолдауға қатысады.
Si - Кремний тіршілік әрекетін, адам ағзасының ішкі мүшелері мен жүйелерінің жұмысын қолдайды. Сіңірлер мен буындарды нығайтады. Сүйек тініне қажетті заттардың теңгерімін қолдайды. Қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, терінің құрылымына әсер етеді. Иммундық жүйенің жұмысына қатысады, қабынуға қарсы цитокиндердің түзілуіне ықпал етеді. Тамырларда алюминий мен уытты қосылыстардың шөгуіне жол бермейді. Ми қызметіне оң әсер етеді.
L - Лантаноидтар - қуатты антиоксиданттар, әрі сүйек ауруларының, остеопороздың алдын алу мен емдеуде оларға тең келері жоқ. Лантаноидтар қанның ұюын тежейді. Адам организмінде лантаноидтар қатерлі ісік ошақтарында жиналып, ол жерлерде кальций, магний және фосфор алмасуын бұзады. Ісікке қарсы белсенділігі жағынан оларға тең келер ешкім жоқ. Лантаноидтар терінің детоксикациясына, тері гомеостазын қалпына келтіруге және сақтауға ықпал етеді. Лантаноидтар кальциймен кешенде токсикалық қосылыстардың молекулалық байланыстарын бұзып, осылайша химиялық агенттер тудыратын жедел қабынуларды жояды. Лантаноидтар жасушалардың ДНҚ деңгейіндегі мутациялардың алдын алады.
Лугела туралы не дейді